БҰҰ-ның халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясы ратификацияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Заң мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.