БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Израильден Палестина мемлекетін құруды күтеді

None
НЬЮ-ЙОРК. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің барлық 15 мүшесі тәуелсіз Палестина мемлекетін құру және Таяу Шығыстағы проблеманы бейбіт жолмен шешу үшін жедел шаралар қабылдау туралы Израильге арнаған үндеуді бірауыздан мақұлдады.
ҚазАқпарат Бұл туралы «Азаттық» радиосына сілтеме жасап хабарлайды. АҚШ-тың БҰҰ жанындағы өкілі Сьюзан Райс ханым Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде, Америка президенті Барак Обаманың Израиль мен палестиналықтардың арасындағы жан-жақты бейбіт келісімді қолдау ниеті туралы мәлім етті. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Барак Обамамен келіссөз жүргізу үшін бір аптадан кейін Вашингтонға сапармен келеді.