«АҚШ өкілі Ники Хейли мен оның Жапония, Франция, Біріккен Корольдік пен Корея Республикасынан келген әріптестері Солтүстік Кореяның соңғы ядролық сынағына жауап ретінде Қауіпсіздік Кеңесінің ашық, шұғыл отырысын өткізуге өтініш берген. Мәжіліс 4 қыркүйекте сағат 10-00-де өтеді»,-делінген хабарламада.
Халықаралық қоғамдастық КХДР-дың 3 қыркүйек күні сутегі зарядын сынақтан өткізу әрекетіне назар аударды. Вашингтон мен Сеул Пхеньянның әрекетіне әскери қимылмен жауап беруі мүмкіндігін мәлімдеді.