БҰҰ-ның штаб-пәтерінен өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте БҰҰ-ның штаб-пәтерінен өрт шықты. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша өрттің тұтануына қысқа тұйықталу себеп болған. Ұйымның баспасөз қызметінен түскен ақпаратта оқиға Бас Ассамблея ғимаратының астыңғы қабатындағы кәдесыйлар сататын дүкенде болған.

Баспасөз қызметінің өкілі Ваннина Маэстрачиидің айтуынша, өрт дереу ауыздықталған. Штаб-пәтер ертең жұмысын бастайды.