БҰҰ өкілі: Барлық халықаралық журналистерге Газада жұмыс істеуге рұқсат берілуі тиіс
АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ халықаралық журналистердің Газаға жедел әрі қауіпсіз кіруін талап етеді, деп хабарлайды Анадолы.
Израиль кіргізуден бас тартқан барлық халықаралық журналистерге Газа секторына жедел, қауіпсіз және кедергісіз кіруге мүмкіндік берілуі қажет.
Бұл туралы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өкілі Тамин әл-Хитан мәлімдеді.
— Біздің әріптестеріміз Газада әлемге шындықты жеткізіп отырды, ал Израиль халықаралық журналистерді бұл аймаққа кіргізбейді. Газадағы журналистерге жасалған шабуыл — сол жерде болып жатқан шындыққа жасалған шабуыл емес пе? , — деді ол.
Әл-Хитанның айтуынша, 10 тамызда Газа қаласындағы «Аш-Шифа» ауруханасының жанында орналасқан журналистер лагеріне Израиль әскері соққы жасап, палестиналық алты журналист қаза тапқан. Құрбандардың арасында Al Jazeera тілшілері Анас аш-Шериф пен Мұхаммед Курайка да болған. Бұл оқиға халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының «өрескел бұзылуы» ретінде бағаланды.
— Біз барлық журналиске Газада жедел, қауіпсіз және кедергісіз жұмыс істеу мүмкіндігі берілуін талап етеміз, — деді БҰҰ өкілі.
Айта кетелік Газа секторында аштықтан тағы 5 адам көз жұмды.