БҰҰ-ның Оңтүстік Судандағы гуманитарлық мәселелер бойынша үйлестірушісі Тоби Ланзен азық-түлік дағдарысымен күреске бір миллиардтан астам қаржы қажеттігін мәлімдеді.
Ланзеннің айтуынша, базарлар бүліншілікке ұшырағандықтан адамдарға тамақ жетіспей жатыр.
Елдегі азаматтық жанжал динк тайпасының өкілі президент Сальва Киир мен нуэр тайпасынан бұрын вице-президент болған көтерілісшілер басшысы Риек Мачар арасындағы билік үшін талас нәтижесінде пайда болды.
Өткен аптада тараптар атысты доғару, келіссөздердің келесі кезеңін 7 ақпанда бастау жөнінде уағдаласты.
Оңтүстік Судандағы жанжал салдарынан бірнеше мыңдаған адам қазаға ұшырады, 860 мыңға жуығы өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.