Бұл туралы аталмыш ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Reuters агенттігі хабарлады.
Хабарламада Пан Ги Мун азық-түлік өнімдері және басқа да тұрмысқа қажетті заттар тиелген автоколонналарды жауынгерлердің ұстап алып қалуына наразылығын білдірді. Оның айтуынша, мұндай әрекеттер үкімет әскерлері тарапынан да, көтерілісшілер тарапынан да байқалған.
Сондай-ақ, БҰҰ бас хатшысы елдегі бейбіт тұрғындар арасында өлім-жітімнің көбейіп бара жатқандығын баса айтты. Ұйымның мәліметтері бойынша, тек 14 қаңтар күні Малкаль аймағында 200-ден астам адам соғыс әрекеттері жүріп жатқан аймақтан кетуге әрекет жасап, Ніл өзеніне батып кеткен. Азаматтық соғыс салдарынан қазаға ұшырағандардың жалпы санын ұйым мың адамнан кем емес деп санайды. Ал бейресми түрде бұл кикілжіңнен он мыңнан астам адам қазаға ұшырады, деп мәлімделген.