БҰҰ өз қызметкерлерін Оңтүстік Суданнан Угандаға көшіріп жатыр

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - БҰҰ жексенбі күні өз миссиясындағы біраз қызметкерлерін Оңтүстік Суданның астанасынан Уганданың Энтеббе қаласына көшіруге кірісті.

Сонымен бірге Оңтүстік Судандағы қақтығыс жайлаған жерлерде қалған азаматтарды қорғауға күш жіберді. Бұл туралы бүкіләлемдік ұйымның баспасөз қызметінен хабарлады.
«Біріккен Ұлттар ұйымы шектелген ресурстарды сақтауды көздейтін алдын ала шаралар ретінде қызметкерлерді көшіру туралы шешім қабылдады. UNMISS (Оңтүстік Судандағы БҰҰ миссиясы) Оңтүстік Суданның астанасындағы қосындарда жиналған 20 мыңнан астам адамға жәрдемдесуді жалғастыруда», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Оңтүстік Судандағы тәртіпсіздіктер елдің астанасы Джубеде 16 желтоқсанға қараған түні басталды. Ел президентінің әскери күзет жеке бөлімшелеренің арасындағы қақтығыстарға нуэр мен динк тайпаларының арасындағы этникалық алауыздықтар себеп болды. Оның салдарынан 500-ге жуық адам опат болды.
Джубеде басталған тәртіпсіздіктер Оңтүстік Суданның басқа аймақтарында жалғасын тапты. Жұмаға қараған түні елдің шығысындағы Акобо қаласында орналасқан БҰҰ миссиясының базасына шабуыл жасалды. Бұл шабуылдың салдарынан БҰҰ-ның Үндістаннан келген 3 бітімгері қаза болды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ-тар.