БҰҰ сарапшылары балама энергия көздерін үш есеге арттыруға шақыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ халықаралық комиссиясының баяндамасында 2030 жылға қарай әлемдегі күн және жел энергиясын үш есеге арттыру бастамасы көтеріліп отыр.

Мамандардың сөзіне қарағанда, ж ер бетіндегі орташажылдық температура аталған кезде екі градусқа жоғарылауы ықтимал. Сондықтан бұл бағытта жоғарыда аталған жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілік етеді.

Олар сонымен қатар дамушы елдерде көмірді жағу көлемінің артуын сынға алып отыр. Бұл комиссияның ұсыныстарына жауап ретінде бірқатар елдердің үкіметтері осы энергия көздерін басқасына алмастыру экономикалық тұрғыда ауыртпалық түсіретінін алға тартуда. Сонымен қатар осы дамушы елдер үкіметтерінің пайымынша, егер де климаттың өзгеруіне бай мемлекеттер шынымен де алаңдаса, онда олар осы шығындарды өздерінің мойындарына алуы керек.