Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Мерекелік шаралар 4 мамыр күні Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдіктерінің біріккен «Соңғы Дүниежүзілік Соғыс: Бейбітшілік үшін Ұмытпау» деген тақырыптағы фотокөрмесімен басталды.
Экспозицияда, жауынгерлік рухқа бай, адам сенбес төзімге толы жанкешті адамдардың фашизмге қарсы күрестері соғыс жылдарында түсірілген суреттерде бейнеленген. Көрме тек соғыстың тарихи сәттерін ғана емес, сонымен қатар оның қасіретті де қайғылы тұстарын суреттегі тұлғалардың келбеттері арқылы жеткізе білген.
5 мамыр күні БҰҰ штаб-пәтерінің алаңында Бейбітшілік пен Бірлік Ағаштарының салтанатты отырғызылуы өтті. Аталмыш іс-шараны БҰҰ 46 мүше мемлекеті бастап, Екінші Дүниежүзілік соғыста қаза болғандар қасіретінің нышаны ретінде шие ағашын арнайы таңдап алды. Бұл ағаштың ақ бүршіктері көптеген елдердің мәдениетінде тазалық пен қайта өрлеудің, сонымен қатар еркіндік пен ымыралыстыққа шақыру белгісі болып табылады.
Іс-шараны БҰҰ Бас хатшысы ашып, өз сөзінде қаза болғандарды еске алуға, құрмет көрсетуге және барша адамзат баласын соғыс қасіреті мен болашақта болатын қақтығыстарға қарсы бірігіп күресуге шақырды.
Сол күні Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандардың рухына арналған БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы салтанатты отырысы өтті. Осындай шаралар БҰҰ БА 2004 жылы 8 және 9 мамыр күндерін Еске алу және ымыраластық күндері деп білгілеген кейін жыл сайын ұйымдастырылатын болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуының жылдық мерекелік апталығы 6 мамыр күні Олег Лундстремнің жетекшілігіндегі орыс мемлекеттік джаз музыкалық оркестрінің соғыс жылдарындағы танымал туындылардан құралған концертімен қорытындыланды.