БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің бір топ сарапшыларынің мәлімдеуінше, КХДР азаматтары айтып жеткізуге болмайтын қиыншылықты бастарынан өткеруде.
Сарапшылардың айтуынша, осы елдегі азаптау мен зорлық-зомбылықтың, құлдықтың, саяси қуғын-сүргіннің және басқа да қылмыстардың айғақтары бар.
Осы орайда БҰҰ анықталған қылмыстарды халықаралық сот тергеуіне дейін жеткізуге талпынбақ.
Белгілі болғандай, осы баяндамада Солтүстік Кореядағы ахуал егжей-тегжейлі қамтылған екен.