ВВС-дің жазуынша, бүгінде қажет 150 млн. доллардың тек 34,8 пайызын жинау мүмкін болған.
24 миллионнан астам халқы бар Солтүстік Кореяға халықаралық қоғамдастықтың көмегі елеулі түрде әсер етеді. БҰҰ деректеріне қарағанда, аталған елдің 16 миллион тұрғыны тамаққа жарымайды, ал адамдардың орташа өмір ұзақтығы 69,3 жылды құрайды.
109 млн. доллар тек азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына қажет көрінеді. Денсаулық сақтау саласына 24,1 млн. доллар керек екен.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун халықаралық донорларды көмек қолын созуға шақырды.
«Ол гуманитарлық көмек - саясат және қауіпсіздік ой-пікірлерімен байланыстырылмауы тиіс екенін қадап айтты», - делінген БҰҰ баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.