Жапония жыл сайын мыңға жуық киттерді аулайды және осы іс-қимылдары ғылыми зерттеулерге негізделгенін алға тартуда.
2010 жылы Австралия БҰҰ-ның халықаралық сотына Жапония тарапы ғалыми зерттеуді желеу етіп, коммерциялық кит аулауды кәсіп етіп отырғанын, бұл өз кезегінде халықаралық заңнамаға қайшы екені туралы шағым түсірген еді.
Сот төрағасы Петер Томка сот тергеулері аяқталғанша бағдарламаны уақытша тоқтату жөнінде шешім шығарды, деп жазады шетелдік БАҚ.
1986 жылы коммерциялық түрде кит аулау кәсібіне тыйым салатын халықаралық конвенция қабылданған болатын.