БҰҰ: Судан елінде белгісіз содырлар 89 жасөспірімді ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Судан аумағында сенбіде 89 жасөспірім ұрланды, деп хабарлады БҰҰ дерекөздеріне сілтеме жасап Reuters агенттігі.

Балаларды емтихан тапсырып жатқан уақытта мектептен ұрлап кеткен.

ЮНИСЕФ өкілінің мәлімдеуінше, ұрланғандардың саны одан да көбірек болуы мүмкін. Олардың ең кішісі - 13 жаста.

Ұрлықты бірде-бір ұйым мойнына алған жоқ. Сондықтан да, содырлардың ниеті белгісіз. БАҚ-тың хабарлауынша, содырлар балаларды өздеріне бағынышты әскер жасау үшін ұрлайды.