БҰҰ Трамп пен Путиннің саммитін өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Фото: Михаил Метцель/ ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин арасындағы ықтимал саммитті өз штаб-пәтерінде өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ұйым бас хатшысының орынбасары Стефани Трембле журналистерге арналған брифингте айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мұндай кездесу өткізу туралы ресми сұраныс түспеген және штаб-пәтерде саммит өткізу мәселесі талқыланған жоқ.

«Қазіргі таңда тараптар бұл нұсқаны қарастырып жатқан жоқ сияқты», – деді ол.

Сонымен қатар Трембле БҰҰ-ның диалогқа әрдайым ашық екенін атап өтті.

«Біз әрқашан диалогты қолдаймыз және БҰҰ Жарғысына сәйкес Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату жолында прогреске қол жеткізіледі деп үміттенеміз», – деді БҰҰ өкілі.

Айта кетейік, БҰҰ Израильді Газаны толық оккупациялауды тоқтатуға шақырды.