Бұл туралы VI Астана экономикалық форумының салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары У Хунбо мәлім етті.
«Бұл - сол баяғы баяу экономикалық өсімнің көрсеткіші. Бұндай өсім 2012 жылы болған. Ағымдағы жылдың аяғында ғана өзгеріс байқалатын болады. Былайша айтқанда, 2014 жылдың басында жаһандық экономика сәл-пәл өсе бастайды. Оған дейін барлық аймақтардың өсімі қолда бар мүмкіндіктен төмен болып сақталады. Ол себепті жұмыспен қамту жұмысы баяу жүреді. Әсіресе, дамыған мемлекеттерде, Еуроаймақтағы жағдай қауіпті болады. Жалпы, осы жылы Еуропада ешбір экономикалық өсім байқалмайды. Ал дамушы елдердің болашағы зор болмақ. Дегенмен қауіп те жоқ емес», - деп атап көрсетті У Хунбо.