ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Гуттерештің мәлімдемесі жеті тілде таратылды.
Бас хатшы өз қызметіне кіріскен күні алаңдаулы екенін, қарулы қақтығыстар тұтқынына айналған адамдар мәселесі жанын ауыртатынын айтты. Сондай-ақ, ол барша әлемді толғандырып отырған жаһандық лаңкестік қаупін атап өтті. «Біздің басты мақсатымыз, бейбітшілік болуы тиіс. Мен барша халықты бүгін және күн сайын бейбітшілік үшін күресуге шақырамын. 2017 жыл бейбітшілік жылы болсын деп тілеймін», - деді ол. Гутерреш БҰҰ Бас хатшысы лауазымында Пан Ги Мунды алмастырды.