БҰҰ Жарғысына қол қойылғанына 70 жыл толды

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сан-Францискода өткен БҰҰ Жарғысына қол қойылғанына 70 жыл толғанына арналған салтанатты жиынға қатысты, деп жазады «ВВС» агенттігі.

Ол Fairmont San Francisco қонақүйіне барды, бұл жерге 1945 жылғы маусымда 50 елден, оның ішінде Кеңес Одағы мен Британиядан делегаттар жиналған. Қазіргі ұйым басшысы (оның тарихындағы сегізінші басшы) Жарғы жұмысына үш мыңнан астам адам қатысқанын еске салды. Соңғы жылдары сарапшылар ортасында БҰҰ-ны реформалау жолдары талқыға түсуде. Бірқатар сарапшылардың айтуынша, БҰҰ қазіргі заман сын-қатерлеріне толықтай жауап бере алмайды.