деп хабарлайды ҚазАқпарат.
1949 жылдың қыркүйегінде Женевада Жол жүрісі туралы конвенция және жол белгілері мен сигналдары туралы хаттама қабылданып, 1968 жылдың қарашасында Жол жүрісі туралы конвенцияның жаңа мәтініне қол қойылған. Конвенцияда оған қатысушылардың міндеттемелері анық айқындалады. Мәселен, уағдаласушы елдер, бір жағынан өз аумағында қолданылатын Жол жүрісі қағидаларын өз мәні бойынша конвенция ережелеріне сәйкес келуіне шаралар қабылдайды. Ал, екінші жағынан, конвенцияның талаптарына сай келетін автомобильдер мен тіркемелерді өз аумақтарында халықаралық жол жүруге жібереді. Конвенцияға сәйкес берілген тіркеу туралы куәліктер мен жүргізуші куәліктері мойындалады. Сондай-ақ, уағдаласушы тараптар Жол жүрісінің бір үлгідегі қағидалары халықаралық жол жүрісін жеңілдететінін және жолдардағы қауіпсіздікті арттыратынын мойындайды.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.