«Бұйратау» ұлттық паркінде қабан мен еліктер фототұзаққа түсті

АСТАНА. KAZINFORM – «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған екі фототұзаққа екі күн қатарынан жабайы табиғаттың ерекше сәттері тіркелді.

Фото: видеодан алынған скрин

Алғашқы кадрларда жабайы шошқа (қабан) торайларымен бірге көрінсе, келесі фототұзаққа еліктер түсті.

Бұл — ұлттық парк аумағындағы жануарлар дүниесінің алуан түрлі екенін және табиғи ортаның өз ырғағымен тіршілік етіп жатқанын көрсететін әсерлі көрініс.

Бір аумақта, екі күн ішінде, екі түрлі фототұзаққа түскен мұндай кадрлар жабайы табиғаттың әр сәті тосын әрі қызыққа толы екенін тағы бір дәлелдейді.

Табиғатты бақылау — оны тереңірек танудың бір жолы. Ал фототұзақтар сол құпия тіршіліктен сыр шертетін үнсіз куәгер іспетті.