«Бұйратау» ұлттық паркіндегі камераға далада жайылып жүрген бұландар түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Бұйратау» ұлттық паркінде камераға бұландар түсір қалды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

видеодан алынған кадр

-Бәрі «Бұйратау» ұлттық паркінің әсем көріністерінен басталды. Кең дала. Мүлгіген тыныштық. Табиғаттың өзіне ғана тән ғажайып үйлесімі…

Кенет камера назарына еркін жайылып жүрген бұландар ілікті. Бірі асықпай шөп жеп жүр. Екіншісі басын көтеріп, камераға үнсіз қарайды. Сәлден соң артына бұрылып, өз тіршілігін жалғастырады, -деп суреттейді видеодағы көріністі ұлттық табиғи паркінің инспекторы.

Ешқандай ерекше әрекет жоқ. Тек табиғаттың күнделікті тіршілігі. Бірақ кейде ең әсерлі сәттер дәл осындай қарапайым көріністерде жасырынып жатады.

-Бұл әдемі сәттерді «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы бейнежазбаға түсірді. Табиғатты қорғаудың мәні де осында: біз тамашалайтын осы әдемі сәттер жабайы жануарлар үшін күнделікті, тыныш өмір болып қала беруі керек,-делінген хабарламада. 

Осыған дейін Алматы табиғи қорығында фототұзаққа таутекелердің текетіресі түсіп қалған болатын.