Орман ішімен еркін жүрген жануарлар табиғи мекенінде анық тіркелді. Кадрлардың бірінде арқардың аузында шөп шайнап тұрған сәті де көрінеді. Бұл – табиғаттың өз ырғағымен жалғасып жатқан тіршілігін дәл бейнелейтін ерекше көрініс.
Арқар – қазақ даласының айбынды әрі көркем жануарларының бірі. Олар қырағы мінезімен, сақ қимылымен және табиғи сұлулығымен ерекшеленеді. Сондықтан мұндай сәттердің фототұзаққа түсуі әрдайым қызығушылық тудырады.
Осындай кадрлар жабайы жануарлардың тіршілігін бақылауға, олардың мекен ету ортасын зерттеуге және табиғи аумақтардың тынысын тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Бұйратаудың тыныш орманында да тіршілік қыз-қыз қайнап жатыр. Ал фототұзақтар сол көзге көп түсе бермейтін әлемнің бір сәтін бізге жақындата түседі.
Айта кетейік, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығында фототұзақ маралдарды табиғи мекенінде тіркеді.