Бұзылған арықтар мен бітелген коллекторлардың салдарынан Алматыны су басты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Кейбір учаскелерде арық желілерінің болмауынан, арықтардың нөсер кәрізімен қосылмағанынан, сондай-ақ коллекторлардың жұмыс істемейтіндіген Алматы көшелерін су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көп мөлшердегі жауын-шашынның салдарынан 25 сәуір күні қалада елуден аса нүктені су басты. Барлық мекенжай бойынша коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдар жедел іс-шаралар атқаруда. Алматының барлық аудандарында жағдай тұрақты, жауапты қызметтер шұғыл әрекет етуге дайын. Мәселені шешу үшін арық желілері мен коллекторлардың өткізу қабілетін ұлғайтып, кейін бірыңғай желіге біріктіріп, реконструкциялау жұмыстары жүргізілетін болады», - делінеді әкімдік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Алматының бірқатар көшелерін су басты. Әлеуметтік желіде су астында қалған көшеге қатысты видеолар, фотолар тарады.

Сондай-ақ, Алматыда су басу мәселесін шешу үшін арық желілерін, нөсер кәріздерін салуға және жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленгенін хабарлаған болатынбыз.