Бұл туралы бейсенбі күні Daily Nation газеті хабарлады.
Басылымның дерегі бойынша, оқиға сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Накуру округінде болған. Төтенше жағдай салдарынан 300-ден астам отбасы үйлерінен айырылды.
Жергілікті билік залал деңгейін әлі анықтамаған.
«Біз барлық жергілікті тұрғындарды толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынына байланысты абай болуға шақырамыз», - деген Накуру губернаторының сөзін келтіреді Daily Nation.
Кения Қызыл Кресті хабарлағандай, 39 адам ауруханаға жеткізілген.