Қала әкімінің жүлдесі үшін өтіп жатқан турнирді қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдері, аула клубтарының қауымдастығы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлем балаларының арасындағы ең танымал ойынның жарыстары жаз бойына өтеді. Оған 60-тан астам команда - 2 мыңнан астам ұл балалар мен қыз балалар қатысуда.