Былтыр 1 млн. 100 гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды - Агенттік төрағасы

None
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылы 1 млн. 100 гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өткен ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Өмірзақ Өзбеков мәлім етті.

«2010 жылы Агенттіктің өңіраралық жер инспекцияларымен жер қатынастары заңдылығының сақталуына қатысты 6 мың 300 тексеру жүргізілді. 3,5 мыңға тарта заң бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 428 млн. теңгені құрайтын айыппұл салынды. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хаттамалық шешімін орындау мақсатында, ауыл шаруашылығы нысанындағы жер учаскелерін тиімді басқаруды қадағалау мәселесі бойынша агенттік әкімдіктермен бірлесіп, жүйелі ұйымдастыру шараларын қабылдады. Нәтижесінде, инспекторлар 2010 жылы 3 млн. гектарды құрайтын 17 мыңнан астам пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтады. Иесіз, қараусыз қалған жер телімі ретінде 4,9 мың участок тізімге алынды. Мемлекеттік меншікке ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1 млн. 100 гектар жер телімі қайтарылды», - деді Ө. Өзбеков.