Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚзаАқпарат.
«2016 жылы 2015 жылға қарағанда өндеу өнеркәсібіндегі өндірістің шынайы өсімі 12 өңірде байқалды. Өсім қарқыны бойынша Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстары көш бастады. 2015-2016 жылдары өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі шынайы мәнде барлық өңірде өсім көрсетті. Дегенмен, ең жоғары өнім Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында тіркелді»,- деді Қасымбек.
Оның айтуынша, 2016 жылы ҚР Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іс-шараларын жүзеге асыруға мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордан 183 млрд. теңге қаржы бөлінген. Оның 173 млрд. теңгесі - мемлекеттік бюджеттің, ал қалған 10 млрд. теңгесі Ұлттық қордың қаржысы.
«2016 жылдың қорытындысында Ұлттық қор қаржысын игеру - 100, ал мемлекеттік бюджет қаржысын игеру 99,5 пайызды құрады. Индустрияландыру картасы аясында 2016 жылы 878 млрд. теңге сомасына 130 жоба іске қосылып, 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. 2016 жылы Карта аясында іске қосылған жобалар 2,2 трлн. теңгеден астам сомаға өнім шығарды», - деді министр.