Орталық Африка он жылдан аз уақыттың ішінде пілдердің 64 пайызынан айырылған.
Юрий Федотов браконьерлік, жабайы жануарлар мен бағалы ағаштарды заңсыз саудалау трансшекаралық мәселеге айналып отырғанын атап өтті. Ұйымдасқан қылмыстың осындай түрлерімен күрес бүкіл халықаралық қоғамдастықтың бірлесіп күш салуын талап етеді.
БҰҰ-ның өкілі табиғатқа қарсы жасалған қылмыстар жазасыз қалып жатқанын атап өтіп, оны тоқтату үшін жойылып бара жатқан флора мен фауна түрлері пайдаланылатын тауарларға сұранысты жаснады жолмен қысқартуды ұсынды.