«Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі шамамен 7% артып, 2 млрд долларға теңелді. Биыл 4 айдың қорытындысы бойынша бұл бағытта оң динамика сақталып отыр. Атап айтқанда, жыл басынан негізгі капиталға бағытталған инвестицияның 25% өскені байқалады. Былтыр азық-түлік тауарларын өндіру ісіне салынған инвестиция 15,7% артты», - деді Ербол Қарашөкеев.
Сонымен қатар министр алдағы жұмыстарға да тоқталды. Оның мәліметінше, келер жылы агроөнеркәсіп саласында 900-ден аса инвестициялық жоба іске асады. Олардың жалпы құны –6 млрд доллар.
Министр Е.Қарашөкеевтің болжамына сай, келер жылы азық-түлік тауарының өндірісі 7 млрд долларға жетеді.