Былтыр әлемде азық-түлік өнімдерінің бағасы 14,3 процентке өсті – ФАО

Фото:
РИМ. СИНЬХУА – Энергия тасымалдаушылар мен тыңайтқыш бағасы өскендіктен 2022 жылы азық-түлік өнімдерінің әлемдегі бағасы өткен жылмен салыстырғанда 14,3 процентке көтерілді.

Бұл туралы жұма күні БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы – ФАО мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

ФАО субиндекстері көрсеткендей, 2022 жылы астық өнімдері 2021 жылмен салыстырғанда 17,9, өсімдік майы – 13,9, сүт өнімдері – 19,6, ет – 10,4, қант – 4,7 процентке қымбаттаған.

2022 жылдың желтоқсанында ФАО азық-түлік бағасы индексі қарашамен салыстырғанда 1,9 процентке азайды. Көрсеткіш тоғыз ай бойы қатарынан төмендеп жатыр, бірақ индекс 2022 жылдың алғашқы айларында күрт жоғарылап кеткендіктен жыл соңында ол 2021 жылдың орташа көрсеткішінен асып түсті.

Желтоқсанда төмендеуінің себебі – нарық үлестіру кезіндегі кідірістерге, көлік бағасының қымбаттауына және сұраныстың азайғанына бейімделді.

ФАО бірнеше рет азық-түлік өнімдерінің өсімі, әсіресе кедей елдерде жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескерткен болатын.

Фото: news.un.org


Соңғы жаңалықтар