Былтыр Алматыда жол ережесін бұзудың жарты миллион фактісі тіркелді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматы жолдарында орнатылған фото және видеобақылау қондырғылары 2016 жылы жол ережесін бұзудың 500 мың фактісі тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Сонымен қатар, ішімдік ішкен 2 370 жүргізуші ұсталып, 4 500 адам жүргізу куәлігінен айырылды.

«Жол ережесін сақтау бойынша шаралар қолға алынды. Заң бұзу фактілері көбіне фото, видео тіркегіштер арқылы анықталады. Бұл құрылғыларды қолдану арқылы жол-көлік апатын (жарақаттану фактісімен - ред) 6,3 пайызға, сонымен қатар, адам өліміне әкелетін апаттарды 10,4 пайызға азайттық. Жол апатынан қаза тапқандар саны - 1,9 пайызға, жарақаттанғандар 5,1 пайызға төмендеді», - дейді Әкімшілік жауапкершілік полициясының басшысы, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.