ЖҚТБ Орталығының мәліметтері бойынша 2012 жылы Астанада ИТВ-жұқпасын жұқтырудың 99 оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдан 2 оқиғаға көп. Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша, қалада иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған барлығы 582 адам тіркелген. Ауру көрсеткіші 100 мың тұрғынға - 81,1-ден ( 01.12.12 жылғы республикалық көрсеткіш - 117,4) келеді.
«ИТВ- жұқтырушылардың жалпы санының 40,4 пайызын (235 адам) есірткі пайдаланушылар, соның ішінде бас бостандығынан айырылғандар құрайды. Ал 52,9 пайызы (308 адам) - ретсіз, сақтанбай жыныстық қатынасқа баратындар болса, олардың 3,8 пайызы (12 адам) - секс-индустрия қызметшілері; 6,7 пайызы басқа да жолмен (іш құрсағы-0,3%, медициналық емес жолмен - 0,2%, белгісіз тәсілдермен - 5,9%, гомосексуалдар арқылы -0,3%) жұқтыратындар», - делінген таратылған хабарламада.
ИТВ-жұқтырушылар арасында ерлердің үлес салмағы - 62,6%. ИТВ-жұқтырушы ерлер мен әйелдердің арақатынасы - 1,7:1.