Былтыр Астанада қылмыс саны 9 пайызға өскен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр Астанада қылмыс санының 9 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, адам өлтіру, ауыр дене жарақатын салу, зорлау, тонау, бұзақылық және пәтер ұрлықтары азайған. Көшедегі қауіпсіздік деңгейі 5,5%-ға артып, қылмыстың қайталануы 42,1%-ға төмендеген.

«Соңғы бес жылда қылмыс саны екі есеге азайды. Егер 2017 жылы 32 397 қылмыс тіркелсе, 2022 жылы – 16 572. Өткен жылы 194 жалған жарнама мен заңсыз интернет-ресурс бұғатталды. 536 эпизод жасаған 89 адам және үш топ ұсталды. Есірткі қылмысымен күрес және нашақорлықтың алдын- алу мәселелеріне ерекше назар аударылады. 232 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 171-і сату бойынша. 257,5 кг әртүрлі есірткі заттары, оның ішінде 34,3 кг синтетикалық заттар тәркіленді. Төрт есірткі өндіретін зертхананың қызметі тоқтатылып, 75 есірткі сайттары бұғатталды», - деп жазды ведомстводан.

Елордада есірткі жеткізіп, сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Бес қатысушы, ұйымдастырушы және негізгі жеткізуші ұсталды. 37 келі гашиш тәркіленді.

Мәселен, жедел іс-шаралар барысында 53 жастағы елорда тұрғыны ұсталып, тінту кезінде одан есірткі заттарын дайындауға және қолдануға арналған құрылғылар тәркіленді. Оның «экстракциялық апиын» есірткісін аса ірі көлемде сатуға қатыстылығы анықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы «Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Астана қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.