Былтыр Атырауда 47 млн тоннадан астам мұнай өндірілген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2018 жылы Атырау облысында 47 млн тоннадан астам мұнай өндірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылы Атырау облысының аумағында 47,2 млн тонна мұнай мен 23,6 млрд текше метр газ өндірілді.

«Теңізшевройл» ЖШС әлемдік нарықтарға 28,6 млн тонна мұнай мен 15,6 млрд текше метр газды өндіріп, жөнелткен. «Ембімұнайгаз» АҚ-да өндірілген мұнай көлемі 2,9 млн тоннаны, газ - 221,2 млн текше метрді құраған. Каспийде Қашаған теңіз кен орнында мұнай өндіретін «НКОК» компаниясы 13,2 млн тонна мұнай өндірген, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 50 пайыздан асады, сондай-ақ 7,7 млрд текше метр газ өндірілген», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен. 2017 жылмен салыстырғанда, мұнай өндіру көлемі 111,8%, ал газ өндіру - 113,0% құраған.