«Былтырғы 2015 жылы ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім ауқымы 4,4 пайызға артып, 2,7 трлн теңгені құрады.
Бұл өсім негізінен өсімдік шаруашылығы өнімдерін 5,6 пайызға арттыру, мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін 3,2 пайызға артуы есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен бір мезгілде, былтыр ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,3 пайызға азайып, 167 млрд теңгені құрады. Әйтсе де, азық-түлік өнеркәсі саласына салынған инвестиция артып, 2014 жылмен салыстырғанда 28 пайызға өсті», - дейді Асылжан Мамытбеков.
Айта кетерлігі, былтырғы жылы еліміздегі азық-түлік өнеркәсібінің негізгі капиталы 56 млрд теңгені құраған.
18:34, 28 Қаңтар 2016
Былтыр ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім 4,4 пайызға артты - АШМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім 4,4 пайызға артты. Бұл туралы бүгін Сенатта өткен кездесу барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті. Кездесу барысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланған болатын.