Былтыр Экология министрлігі 4,4 млрд теңгенің айыппұлын өндірген

АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аумақтық департаменттері экологиялық заңнаманы бұзған мекемелерден 4,4 млрд теңге айыппұл өндірген. Бұл жайында Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Комитеттің аумақтық департаменттері өткен жылы шаруашылық жүргізуші субъектілерге экологиялық заңнаманы сақтау бойынша 1 627 тексеру жүргізді. 5,8 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Мемлекет кірісіне 4,4 млрд теңге айыппұл өндірілді», - деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, 2022 жылы республика көлемінде қоршаған ортаға тасталған зиянды шығарындылардың жалпы көлемі 4,2 млн тонна болған. Бұл 2021 жылдағыдан 200 мың тоннаға аз.