Былтыр ел спортшылары олимпиадалық емес спорт түрлерінен 316 медаль жеңіп алды - Спорт агенттігі
Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов осылай мәлім етті.
Агенттік төрағасының айтуынша, елімізде олимпиадалық емес порт түрлерін дамыту да қарқынды дамып келеді. Соның ішінде Қазақстан спортшылары халықаралық деңгейдегі аса маңызды жарыстарға қатысып келеді. Былтыр ел спортшылары олимпиадалық емес спорт түрлерінен 316 медаль жеңіп алған. «Мүгедектер арасындағы спорт та даму үстінде, бұған мүмкіншілігі шектеулі спортшыларымыздың халықаралық жарыстардағы жетістіктері дәлел. Лондон қаласындағы 14-і Паралимпиада ойындарында үш спортшымыз бірінші ондықтан көрінді. Барлық халықаралық жарыстарда дене мүмкіндіктері шектеулі спортшыларымыз 53 медальға ие болды», дейді Е. Қожағапанов.
Оның айтуынша, ұлттық спорт түрлері де белсенді даму үстінде. Мәселен, осы бағытта қазақстандық спортшылар 226 медаль ұтып алса, соның 73 алтын, 66 күміс және 87 қола медаль.