Былтыр елімізде 5683 заңсыз қоқыс алаңы пайда болған

АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр елімізде 5683 заңсыз қоқыс алаңы пайда болған. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғарыштан жасалған мониторинг аясында 2022 жылы 5683 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. Олардың 77%-ы немесе 4 331-і жойылды.

Стихиялық қоқыс үйінділерінің ең көбі Ақмола (830), Қарағанды (745) облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында (551) тіркелд», - деді ол.

Сондай-ақ, Айдар Абдуалиев заңсыз қоқыспен күресті сылбыр жүргізіп жатқан өңірлерді атады.

«Осындай үйінділерді жоюдың ең төмен көрсеткіші Абай (10%), Ұлытау (15%), Батыс Қазақстан облыстарында (56%) және Астана қаласында (52%) тіркелді», - деді ведомство өкілі.