«Былтырғы жылы мұнай және газ секторында негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, былтырғы жылы мұнай өндіру 82 млн. тоннаны құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артық. Газ секторында 42,3 млрд текше метр газды құрап, ондағы өсім 2,2 млрд. текшеге жетті », - деді Премьер.
Үкімет басшысының айтуынша, әлемдік баға конъектурасына қарамастан, металлургия саласындағы өнімнің күрт төмендеуіне жол берілген жоқ. Бұл жүйеқұраушы кәсіпорындар арқасында жүзеге асты.