Былтыр елімізде өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 2,7 млн. адамды құрады

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - 2010 жылы Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 2,7 млн. адамды құрады.

Бұл көрсеткіш жалпы жұмыспен қамтылғандар санының 33,3 пайызы болып табылады және оның алдындағы жылға тиісінше 40,1 мың адамға немесе 1,5 пайызға өскен. Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметтеріне сәйкес, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар құрылымында жұмыс берушілер 6 пайызды, өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер - 90,5 пайызды құрайды. Ал осы құрылым бойынша өндірістік кооператив мүшелері - 1,0 пайыз, отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері - 2,5 пайыз болып отыр.