«2014 жылдың желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 13 856-ны құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 6 пайызға жоғары көрсеткіш. Ал 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,7 пайызға азайды», - делінген баспасөз баянында.