Былтыр еліміздегі химиялық өнімдер өндірісі 142 млрд. 729 млн. теңгені құрады

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Былтыр еліміздегі химиялық өнімдер өндірісі 142 млрд. 729 млн. теңгені құрады.

 Аталған көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 121,5 пайызды құрайды. Бұл туралы Индустрия және сауда министрлігінің былтырғы жыл қорытындысы бойынша ұсынылған ақпараттық топтамасында көрсетілген.

Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, есепті кезеңде оның алдындағы жылмен салыстырғанда диоксид көміртегін өндіру - 5,6 пайызға, хром триоксидын өндіру - 5,9 пайызға, фосфор - 34,6 пайызға, ортофосфорлы қышқыл - 76,5 пайызға, аммиак - 35,5 пайызға, азот тыңайтқыштары - 28,8 пайызға артуы байқалған.

Бұдан бөлек, 2011 жылы химиялық өнеркәсіпке инвестор-кәсіпорындардың салған негізгі капиталы 27,9 млрд. теңгені құрады. Бұл 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 122,4 пайызға артық көрсеткіш. Бұл ретте инвестицияның 53 пайызын заемды инвестициялар, 45,5 пайызын өзіндік қаражаттар құраған.

Сонымен қатар, 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде минералды және химиялық тыңайтқыштар импорты 38,9 млрд. долларды құрады.