Былтыр елімізден 84,2 млн. долларды құрайтын 36,5 мың тонна балық өнімдері экспортталды - Ю. Ромашов

None
әуірдің 6-cы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылы елімізден 36,5 мың тонна балық және балық өнімдері экспорталды. Бұл 84,2 млн. долларды құрайды.

Бүгін балық шаруашылығы саласындағы қайта өңдеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиыны барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Юрий Ромашов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сонымен бір мезгілде былтырғы жылы елімізге импортталған балық және балық өнімдері 42 мың тоннаны құрап, бұл ақшалай көрсеткішке шаққанда 37,3 млн. долларға тең болып отыр. Осының өзі отандық балық өңдеу саласының дамып отырғанын білдіреді», деді Комитет төрағасы Ю. Ромашов.

Оның айтуынша, Қазақстанда шығарылатын балық өнімдері әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті болып табылады. Сонымен бірге, Балық шаруашылығы комитеті саланы реформалау және оны халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіру барысында бірқатар проблемаларды анықтаған. «Тоңазылтылған балықтарды экспорттауды бақылауда ұстау еліміздегі заңсыз ауланатын балықтардың алдын алумен бірдей болып табылады. Бұндай бағыттағы бақылауды күшейту арқасында елімізден экспортталатын өңделмеген балық көрсеткіші төмендеді. Ал бұл шара өз кезегінде отандық балық өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етуге септігін тигізді. Нәтижесінде, балық өнімдерінің терең өңделген түрлерін экспорттау 2007 жылға қарағанда 2009 жылы 26 пайызға немесе 3,4 мың тоннаға артты», деді Ю. Ромашов.