Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев осылай мәлім етті.
«Ал жолаушы тасымалы 11 пайызға артып, оның көлем 18,5 миллиард адамды құрап отыр. Бұдан бөлек, былтыр автокөлік салмағы мен габаритін автоматты түрде өлшейтін екі бекет орнатылды. Осындай бекеттің он бірін іске қосып, олардың санын кейіннен 80-ге жеткізу жоспарда бар», деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы автокөлік жолдарындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттері толығымен жабылатын болады.