Былтыр еліміздің су айдындарына 3 млн. тоннадай лас немесе жеткілікті тазартылмаған сарқынды сулар тасталынған

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - 2009 жылы еліміздің су айдындарына көлемі шамамен 3 млн. тоннаны құрайтын лас немесе жеткілікті тазартылмаған сарқынды сулар тасталынды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов айтты.

«Ауызсуға қол жетімділік проблемасы өзекті мәселелердің қатарында. 43 ірі кәсіпорын қалалар атмосферасына 2 млн. тоннаға жуық өнеркәсіп шығарындыларын тастайды. Ол бүкіл республикадағы шығарындылардың 85 пайызын құрайды», деді Н. Әшімов.

Оның сөзіне қарағанда, осы шығарындыларға Алматы және Шымкент қалаларындағы 70-80 пайызға жететін автокөліктер әсері қосылады.