Былтыр Еуроодақ елдерінде 5,4 миллион бала дүниеге келді

БРЮССЕЛЬ. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Eurostat статистикалық агенттігінің дүйсенбі күні, тамыздың 3-інде таратқан мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша Еуроодақ елдеріндегі халықтың саны 499,8 миллион адамды құрайды, 2008 жылдың І жартыжылдығындағы көрсеткіш 497,7 миллион болатын.

Осылайша,   Еуроодақ     тұрғындарының саны (27 елдің)  0,6 миллион  табиғи  өсімнің   және  1,5 миллион  таза көші-қонның   арқасында  2,1  миллион адамға немесе 0,4 пайызға өсіп  отыр,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі  Еурокомиссияның баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

2009 жылғы   қаңтардың  1-індегі  мәліметтер  бойынша   еуроаумақ елдеріндегі   халықтың саны 328,7  миллион  адамды  құрады (2008 жылы - 327,1 миллион  болған).  Аталмыш  аумақтағы    халықтың саны  1,6 миллионға  немесе 0,5   пайызға  өсті.  Табиғи   өсім 0,4 миллион адамды,  таза миграция - 1,2 миллион адамды  құрады.

Оған қоса, 2008 жылы Еуроодақта  5,4 миллион нәресте  дүниеге келген,  4,8 миллион  адам  қайтыс болған.