Өткен жылы баға азық-түлік тауарларына - 5,1%, азық-түлік емес тауарларына - 6,4%, ақылы қызметтерге 4,5% қымбаттаған.
2019 жылдың басынан (2018 жылдың желтоқсаны 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда) бағаның өсуі қырыққабатқа - 31%, қантқа - 20,9%, мәйекті ірімшікке - 11,9%, құс етіне - 10,4%, консервіленген сүтке - 10,3%, сары майға - 10,1%, жылқы етіне - 9,6%, жаңа сауылған сүтке - 7,8%, күнбағыс майына - 7,4%, шұжық өнімдеріне - 7,2%, қышқыл сүт өнімдеріне - 7%, ет өнімдеріне - 6,9%-ға, шошқа етіне, сиыр етіне - 6,7%-дан, кондитерлік өнімдерге 6,6% белгіленді.
Бағаның төмендеуі картопқа - 26,7%, қарақұмық жармасына - 21,6%, пиязға - 18,4%, сәбізге 16,3% тіркелді.
Сондай-ақ Қазақстанда автокөліктер (8,5%), құрылыс материалдары (8,1%), фармацевтикалық өнімдер, киім және аяқ киім, тұрмыстық құралдар (7,8%), тоқыма бұйымдары (7,7%), жеке қолданысқа арналған тауарлар (6,8%) жуғыш және тазалағыш заттар (6,6%), кеңсе тауарлары (5,9%), жиһаз және үйге қажетті заттарғ (5,4%) қымбаттаған.
«Бұдан бөлек, дизель отынының бағасы 29,6%, баллондағы сұйытылған газ 6% көтерілді. Ал бензин керісінше, 2,8% арзандаған.
«Баға деңгейі кабельдік телевизия қызметтеріне - 12,1%, денсаулық сақтау қызметтеріне - 7,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне - 6,1%, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне - 6%-дан, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне - 5,8%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне 5,7% өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы - 16,4%, темір жол көлігімен - 12,2%, қалааралық автобус - 7,9%, ішкі қалалық автобуспен 4,9% қымбаттады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Өткен жылы сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге - 3,1%, суық суға - 3%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 2,7%, орталықтан жылытуға, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 2,6%-дан, ыстық суға - 2,2%, электр энергиясына 1,1% артты.