Алдын ала деректер бойынша, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда елімізде 425,6 мың нәресте туды. Бұл, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,6 мың адамға немесе 5,6% көп және туғандар саны бойынша осының алдында - 1987 жылы болған рекордтан (417,1 мың адам) 8,5 мың адамға немесе 2% артық.
Қалалық жерлерде – 248,7 мың адам (58,4%), ауылдық жерлерде 176,9 мың адам (41,6%) дүниеге келді.
Барлық туғандардың жартысынан көбі елдің 6 өңірінде тіркелген:
Түркістан облысы (14,4%),
Алматы облысы (12,7%),
Алматы қаласы (8,3%),
Шымкент қаласы (7,4%),
Нұр-Сұлтан қаласы (7%),
Жамбыл облысы (6,9%).