Компания 2017 жылдағы қызметінің қорытындысы жақын жəне алыс шет елдерге жалпы алғанда 120 мың тоннадан астам дəнді жəне майлы дақылдарды экспорттаған.
«Соның ішінде, Иранға - 56 мың тоннадан артық арпа, Қытайға - 40 мың тоннадан астам бидай мен 0,6 мың тоннаға жуық өсімдік майы, Əзербайжанға - 15 мың тонна бидай, Өзбекстанға - шамамен 5 мың тонна бидай, Бельгияға - 3 мың тоннаға жуық зығыр тұқымы жеткізілген», делінген хабарламада.