Былтыр Қазақстан мен Чех Республикасы арасындағы тауар айналымы 67%-ға өсті – Әлихан Смайылов

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 67%-ға өсті. Бұл туралы Чех-Қазақстан бизнес-формуына қатысқан Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан мен Чех Республкасы арасында орнаған дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толып отыр. Біз экономиканың барлық сектрында серіктестікте жұмыс істеп келеміз. Чех Республкасы біздің еліміздің Еуропалық одақтағы ең ірі серіктесіміздің бірі. Былтыр екіжақты тауар айналымы 67%-ға өсті. Бұл жоғары көрсеткіш биыл да сақталып отыр. Мәселен, қаңтар-ақпан айларында өзара тауар айналымының көлемі екі есе артты. Менің ойымша, алдағы уақытта біздің еліміз бен Чех Республикасы арасындағы сауда көлемі үздіксіз өседі», - деді Үкімет басшысы бизнес-форумның ашылу салтанытында сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, бүгін елордада Чех-Қазақстан бизнес-формуы өтіп жатыр. Оған екі елдің Үкімет басшылары, компания өкілдері мен инвесторлар қатысып жатыр.